Елімізде соңғы 5 жылда ажырасу жағдайы 16 пайызға төмендепті. Бұл туралы мәдіметті Қазақстандықтарды отбасы күнімен құттықтаған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Министр мәліметінше, соңғы бес жылда ажырасу шамамен 16%-ке төмендеді. 2020 жылы – 48,2 мың болса, 2024 жылы – 40,5 мыңға дейін төмендеген.
"Елімізде отбасы институтының нығайып келе жатқаны қуантады. Социологиялық деректерге сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі үшін (85–89%) басты құндылық – ерлі-зайыптылар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік, сыйластық пен түсіністік. Дәл осы құндылықтар мықты әрі берекелі отбасының негізін қалайды", - дейді министр.
- 2019 жылдан бастап Жоғарғы Сотпен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарда "Бақытты отбасы" жобасы жүзеге асырылып келеді;
- Неке құрғалы жатқан жұптарға арналған қарым-қатынасты үйлестіруге бағытталған оқыту бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді;
- Ата-ана жауапкершілігін арттырып, бала тәрбиесіне саналы көзқарас қалыптастыруды мақсат еткен "Ата-аналар академиясы" жобасы жұмыс істейді.
- Азаматтарды қолдауға отбасы қолдау орталықтары да елеулі үлес қосып отыр. Елімізде 131 орталық жұмыс істейді.