Елімізде енді фонограммамен ән айтқандарға айыппұл салынады. Бұл туралы мәдениет вице-министрі Айбек Сыдықов мәлімдеді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Мәжіліс фонограмманы пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемін анықтады. Қазіргі заң бойынша концертте фонограмма пайдаланылатыны жайлы көрерменді ескерту керек. Ал жаңа заңға сәйкес, алдағы уақытта 200 адамнан артық жиналған жерде фонограмманы пайдалануға толығымен тыйым салынбақ.
"Қазіргі таңда мәжіліс депутаттары фонограммаға тыйым салу мақсатында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа норманы кіргізіп отыр. Онда 1 000 айлық есептік көрсеткішке (2025 жылда - 3 932 000 теңгеге) дейін айыппұл салу қарастырылған",-дейді Сыдықов.
