Қазақстанда қанша ер адам тұрады. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бюро дерегіне сүйенсек, ер адамдардың орташа жасы 31,1 жасты құрап отыр, ал олардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл. 
"10 044 673 - дәл осынша ер азамат Отан қорғаушылар күніне орай құттықтаулар қабылдайтын болады", - деп жазылған хабарламада.
 
0-15 жас - 30,2%
 
16-60 жас - 56,5%
 
61 жас және одан жоғары - 13,3%
 
Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:
 
Алматы қаласы - 1,1 млн
 
Түркістан облысы - 1,1 млн
 
Алматы облысы - 806,5 мың
 
Астана қаласы - 785,4 мың
 
Жалпы 2025 жыл бойынша жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам). Сонымен қатар жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6% болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1%.
 
Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ер адамдардың үлесі:
 
Өнеркәсіп - 16,5%
 
Көтерме сауда - 14%
 
Ауыл шаруашылығы - 12,4%
 
Көлік және қойма - 11,1%
 
Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7%
 
Ең көп жұмыспен қамтылған ер адамдардың жасы 35-44 жас аралығында және бұл жалпы 1,4 млн адамды құрайды.