Еліміздегі қыз-келіншектер саны қанша екені жарияланды. Ұлттық статистика дерегіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда 10 488 074 әйел бар, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Әйелдердің болжамды өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл. 
 
 
Ал, жасы бойынша үлесі мынадай:
 
0-15 жас – 29,1%
 
16-60 жас – 55,5%
 
61 жастан жоғары – 15,4%.
 
Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:
 
Алматы қаласы – 1,2 млн
 
Түркістан облысы – 1 млн
 
Астана қаласы – 803,5 мың
 
Алматы облысы – 778,5 мың
 
Әйелдердің орташа жасы – 34,1 жас. Әйелдердің болжамды өмір сүру ұзақтығы – 79,4 жыл. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы әйелдердің үлесі – 48% (4,4 млн әйел). Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес – 50%. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес – 45%.
 
Жұмыспен қамтылған әйелдердің жалпы санындағы жұмыс істейтін салалардағы үлесі:
 
Білім – 20%
 
Сауда – 19%
 
Денсаулық сақтау – 10%
 
Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі – 50,8%.
 
Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар саны ең көп – 1,3 миллион әйел.