Елімізде қаңтар айының ортасында қатты аяз болады. Казгидромет болжамына сүйенсек, -38 градус суық түспек, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
"Қазгидромет" 13-15 қаңтарға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Ведомствоның мәліметінше Қазақстанда жақын күндері қатты аяз болады. Бұған дейін жайлы болған қаңтар 13-не қарай қаһарына мінеді.
"Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер.
14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.
