Ішкі істер министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, 2024 жылдың 4 айында тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша 28 189 шағым түскен, ал былтыр бұл көрсеткіш 35 202 болған, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Зорлық көрсеткен 44,4 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 11 026 мың адам қамауға алынған. 

“Өткен жылы жәбір көрушілердің арызданудан бас тартуына байланысты 60%-дан астам құқық бұзушы жазадан жалтарса, биыл тіркелген фактілер бойына айыптылардың 98%-на шара қабылданды”, - делінген Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігі жолдаған ресми сауал жауабында.

Одан бөлек, полиция қызметкерлері «агрессорларға» қатысты 34 мың қорғау нұсқамасын шығарған. Сонымен қатар сот Ішкі істер органдарының өтінішхаты бойынша құқық бұзушылардың мінез-құлқына 4 мыңнан астам ерекше талаптар белгілеген.