Елімізде бірден 6 кәсіби мереке пайда болмақ. Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізуге ұсынысты тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

6 кәсіби мереке туралы жаңа бұйрық жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған. 10 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылып отыр.

Сонымен жаңа мерекелік даталар мыналар:

  1. 31 қаңтар – кәсіпкерлер күні;
  2. 7 шілде – қолөнершілер күні;
  3. 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
  4. 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
  5. 12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
  6. 20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.

Бұдан басқа, энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.