8 наурызда ең көп сұранысқа ие гүлдердің бағасы жарияланды. Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мерекеде жиі сатылатын гүлдің құнын айтып берді, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстанда өсірілетін гүлдің көлемі артып келеді.
"Мәселен, өз елімізде өсірілетін раушан мен қызғалдақтың бағасы қалыпты. Білуімше, біздің жігіттер қызғалдақты бір данасы үшін 550 теңгеге сатып алды. Былтыр алдын ала тапсырыспен шамамен тура сондай баға болған", - деді Кушукова журналистерге берген сұхбатында.
Осы орайда вице-министр 8 наурызға гүлге алдын ала тапсырыс беруге кеңес берді. Сонда баға да тиімді болады. Айта кетері, Қазақстанға шетелден де гүлдер көп экспортталады. Былтыр импортталған гүлдердің 41,9% немесе 4 586 тоннасы Эквадордан жеткізілген.
Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:
Қытай – 2 678 тоннаНидерланд – 1 702 тоннаКолумбия – 778 тоннаКения – 739 тонна
Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған – 6 219 тонна.
