Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен елордадағы Бас мешітке барды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Бұл туралы Ақорда жазды. 

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты, - делінген ақпаратта. 

Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон елімізге жұмыс сапарымен күні кеше келген еді. Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.