Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу тең нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов алғашқы минуттан шетелдік клубтарда ойнап жүрген Нұралы Әліп, Бактиер Зайнутдинов, Рамазан Оразов, Абат Айымбетов сынды футболшыларды негізгі құрамда алаңға шығарды. Құрама үздіктері Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен, Абзал Бейсебеков және жарақатына байланысты Максим Самородов қосалқы құрамда қалды. 

Ал, Норвегия сапында әлем футболының жарық жұлдыздары Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Англия) пен Мартин Эдегор («Арсенал», Англия) алғашқы минуттан ойынға араласты. 

Қос құрама 0:0 есебіне қанағат білдіріп, тең тарқасты.

Енді ел құрамасы 9 қыркүйекте сырт алаңда Словениямен шеберлік байқасады. Жалпы ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Аустрия құрамаларымен сынға түседі.