Қазақстандағы халық саны бір ай ішінде қанша адамға өсті. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
Ресми мәліметке сәйкес, 1 шілдеде қазақстандықтардың саны 20 387 811 адамға жеткен. Осылайша, бір айдың ішінде 17,1 мыңға көбейді. 1 маусымда 20 370 672 адам болған.
Халық тығыз орналасқан аймақтар:
Алматы - 2 319 893 адам;
Түркістан облысы - 2 150 228 адам;
Алматы облысы - 1 578 089 адам;
Астана - 1 576 337 адам;
Шымкент - 1 277 743 адам;
Жамбыл облысы - 1 220 041 адам;
Қарағанды облысы - 1 132 697 адам.
Халық саны аз аймақтар:
Ұлытау облысы - 220 266 адам;
Солтүстік-Қазақстан облысы - 518 049 адам;
Абай облысы - 599 449 адам.
Бүгінде қазақстандықтардың басым бөлігі - 12 899 438 адам қалада тұрады. Ал ауыл халқының саны - 7 488 373 адам.