Әйелін азаптап өлтірді деген күдікке ілінген экс министр Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Ал, оның туыс інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға түрмеге тоғытылады. Бүгін үкім шығатын күні сот отырысына марқұм Салтанат Нүкенованың ата-анасы келді. Олар бұл өте қиын жағдай, ешкімнің басына бермесін. Біз неше рет өліп, неше рет тірілдік деп БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Алайда, бүгінгі үкіммен Бақытжан Байжанов келіспейтінін айтып, соттан не үшін өзін бұлай ауыр жазаға кескінін сұрады. Өз кезегінде, судья Құлбаева сот үкімі күшіне енгеннен кейін 15 күн ішінде аппеляциялық шағым беруге болатынын ескертті. 

"Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға бас бостандығынан айырылсын. Бақытжан Байжанов кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылсын.Бишімбаевтан мемлекет кірісіне сот сараптамасын жүргізуге кеткен сот шығындары 2 млн 306 мың 382 теңге, Байжановтан 3 324 теңге өндірілсін. Бишімбаевтан жәбірленушінің өтемақы қорына  30 АЕК 103 500 теңге сомасында, Байжановтан– 20 АЕК - 69 мың теңге өндірілсін", - деді судья АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА.

Жәбірленуші тарап өкілі Айтбек Амангелді сот отырысынан кейін үкім бойынша ойын айтты. Бұл өмір бойы бас бостандығынан айырумен тең жаза. Себебі, 24 жылдан кейін Бишімбаев 68 жасқа келеді деді.