Елдегі 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордан берілетін ақшаның алғашқы бөлігі бүгін аударылған. Осы орайда оны пайдалануға өтінім берген жастардың ширақтығы таңғалдырып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Отбасы банкінің мәліметіне сүйенсек, еліміздегі ең ширақ жастар Оңтүстік Қазақстанда тұрады. Ұлттық қордан қаражатты пайдалануға бірінші болып Тараз бен Шымкент қалаларының тұрғындары өтінім берген. 

“2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 18 жасқа толған қазақстандықтар Ұлттық қордан алынған жинақтарын пайдалана алады. Оны Отбасы банктің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) enpf-otbasy.kz платформы арқылы онлайн режимінде жүзеге асыруға болады. Еnpf-otbasy.kz Платформасын бүгін ең алғашқы болып Тараз және Шымкент қалаларының студенті пайдаланды. Диас Болат, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екінші курс студенті. Ол болашақ дене шынықтыру мұғалімі. 18 жастағы тәлімгер enpf-otbasy.kz платформада ең бірінші болып ағымдағы шот ашқан”, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, ол «Ұлттық қор – балаларға» жобасынан аударылған қаражатты Отбасы банкінің депозитіне салып, болашақта баспана алуға қаражат жинаймын –деп жоспарлаған көрінеді.