Әлемдегі ең қарт адам өзінің жыл айналып келген туған күнін тойлады. Ол 112 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

The Guardian басылымының дерегіне сүйенсек, жер бетіндегі ең қарт ер адам Ұлыбританияда тұрады. Есімі Джон Альфред Тиннисвуд. Ол 112 жасқа толған туған күнін атап өткен. 

Сәуір айында Гиннестің рекордтар кітабы 111 жастағы Тиннисвудты ең қарт ер адам деп тіркеген. Бұған дейін әлемдегі ең қарт ер адам деп танылған венесуэлалық Хуан Висенте Перес Мора 114 жыл өмір сүрді.

Айта кетейік, Тиннисвуд 1912 жылы Ливерпульде, Титаник суға батқан жылы дүниеге келген. Оның көзі тірісінде Ұлыбританияда 24 премьер-министр алмасты. Ол Англияның Саутпорт қаласындағы қарттар үйінде тұрады.