Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, Үкіметке "Жұмысшы мамандықтар" жылын атап өту бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылған. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

"Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басышысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деп мәлімдеді.