2025/26 жылғы маусымда UEFA Чемпиондар лигасын негізгі кезеңінде өз тарихында алғаш рет бақ сынаған қазақстандық «Қайрат» командасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Алатау телеарнасы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық команда негізгі кезеңде сегіз ойында бір ұпайға қол жеткізді. Олар Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4, Англияның «Арсеналына» 2:3 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.
«Қайрат» Чемпиондар лигасын негізгі кезеңіне шыққаны үшін 18,62 миллион еуро (11,23 миллиард теңге) алды. Негізгі кезеңдегі бір тең ойын үшін командаға тағы 19,32 миллион еуро (11,65 миллиард теңге) келді.
Еурокубок маусымы аяқталғаннан кейін бұл сомаға телевизиялық және маркетингтік құқықты сатудан түскен төлем қосылады.
