Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы. 

Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау баурайында болған өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп, қайғылы жағдайда қаза тапқан Арслан Құрманбековке арналған мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өткенін жазған едік.