Бүгін 19 қазан-құтқарушылар күні. Осыған орай Алматы қаласы  ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 7 өрт сөндіру бөлімінде үстіміздегі жылдың 8 мамырында Іле-Алатау табиғи паркіндегі тау баурайында орын алған өрт сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп, қайғылы жағдайда қаза тапқан  Арслан Құрманбековке арналған мемориалдық ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Азаматтық қорғау сержанты Құрманбеков Арслан Жолдасбекұлы 1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 2015 жылдан  бастап өрт сөндіруші-құтқарушысы болып бастаған ол жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Әріптестері арасында еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін құрметке ие болды. Амал нешік, бүгін Арсланды әріптестері,Анасы және туған -туыстары бір минут үнсіздікпен еске алды.Жүректілік пен батылдықты талап ететін ең қауіпті мамандық иелері өрт кезінде өз жанын қиып, ерлікпен қаза тапқан ер жүрек азаматтың ел есінде мәңгі сақталып қалатын,есімі жазылған тақтаға салтанатты түрде гүл шоқтарын қойды.

НҰРЛАН АТЫҒАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД БАСШЫСЫ, ПОЛКОВНИК

Арсланның ізін басып келе жатқан інісі де  Алматы қаласы  ТЖМ мекемесіне жұмысқа қабылданып 4 ай көлемінде фельдшер болып қызмет атқарып жүр.

ҰЛАН ҚҰРМАНБЕКОВ ІНІСІ

Қандай қиын сәт туындаса да бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген Құтқарушылардың осы мереке күні жұмыстарына табыс, амандық және зор денсаулық тілейміз.Сіздердің ауыр еңбектеріңіз,алғыстармен бағаланары сөзсіз!