Елімізде бірден 6 кәсіби мереке пайда болмақ. Жаңа кәсіптік мерекелерді енгізуге ұсынысты тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастамашылық жасады, деп хабарлайды Алатау телеарнасы.
6 кәсіби мереке туралы жаңа бұйрық жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған. 10 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылып отыр.
Сонымен жаңа мерекелік даталар мыналар:
- 31 қаңтар – кәсіпкерлер күні;
- 7 шілде – қолөнершілер күні;
- 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
- 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
- 12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
- 20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Бұдан басқа, энергетик күнін мерекелеуді желтоқсанның үшінші жексенбісінен 22 желтоқсанға өзгертіледі.