1 наурыз күні Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында белгілі боксшы Қанат Исламның ұйымдастыруымен «Жібек жолы» кәсіпқой бокс кеші өтеді.

«Жібек жолы» кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасатын спортшылар бүгін салмақ өлшеп, қарсыласымен көз түйістірді. Қазақстанның ең мықты спортшылары Руслан Мырсатаев, Бексұлтан Раушанов, Сапарбай Айдаров, Асқар Ерубек, Нұрсұлтан Аманжолов, Асхат Қуанышбекұлы, Дәулет Дәукенов  Қытай, Түркия, Өзбекстан және Еуропаның танымал спортшыларымен шаршы алаңға шығады.

ҚАНАТ ИСЛАМ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ: «Ертең өтетін кәсіпқой бокс кешінде 12 қазақстанадық жеті мемлекеттен келген былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасады. Біздің жігіттер тас –  түйін дайын. Бұйырса, екі титул сарапқа салынады: WBC Middle East Heavyweight Title және UBO Asia Welterweight».

Кәсіпқой бокста тоғыз  жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жеткен отандасымыз Руслан Мырсатаев пен туркиялық Хамза Гунеш Азия құрлықтық белбеуіне таласады.

РУСЛАН МЫРСАТАЕВ КӘСІПҚОЙ БОКСШЫ: «4-5 жыл үзіліс болды. Енді көреміз қалай болатынын. Өзіме де қызық».

«Жібек жолы» кәсіби бокс кеші 2024 жылдың 1 наурызында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында сағат 18: 00 – де басталады.