
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 13 рет қаралды
2025 жылдың 28 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасының медиа жоспарына сәйкес, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жаратылыстану-математикалық бөлімінің ұйымдастыруымен №173 мектеп-лицей базасында Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының физика, химия, биология, география пәні мұғалімдеріне «Білім алушылардың өмірлік дағдыларын дамытудағы жаратылыстанудың практикалық рөлі» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум мақсаты функционалдық сауаттылық мәнін пәндік құзыреттілік мәнінде практикалық апробациялау. Семинарға 83 мұғалім қатысты.
Семинар-практикумның кіріспе бөлімінде Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Н.Б.Жакыпова жаратылыстану сауаттылығының құрылымдық маңыздылығына тоқталып, сабақ барысында құрастырылған тапсырмалар оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыруға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
Семинар-практикумның тәжірибелік алаңы төрт аудиториялық секциялық жұмыста топтастырылды.
Семинар-практикумның тәжірибелік бөлімінде физика, химия, биология және география пән мұғалімдерінен құралған тренерлер, өздері құрастырған, өмірлік дағдыларды қалыптастыруға арналған тапсырмалармен таныстырып, тапсырма әзірлегу арналған 5 қадамын ұсынды:
1) Тақырыпты таңдай отырып контекстты анықтау (тақырып қызықты, өзекті болуы керек);
2) Тақырып бойынша мәліметтермен танысу (әртүрлі мақалалар);
3) Зерттеу мәселесі негізінде білім мазмұнын анықтау;
4) Алынған мәліметтерді интерпретациялау;
5) Мәселелерді шешу үшін, PISA құзіреттіліктеріне негізделген тапсырмаларды дайындау.
Тәжірибе топтық форматта ұйымдастырылды. Тапсырма құрастырудың 5 қадамына сүйене отырып, «Ығалды ауа», «Қышқыл жаңбыр», Сүтсіз және вегетариандық диеталарды таңдау», «COVID-19 пандемиясы», «Речные экосистемы под угрозой», «Использование удобрений в сельском хозяйстве» тақырыптары бойынша құрстырылған тапсырмалардың білім, контекст және құзіреттілік түрлерін анықтап, тапсырмаларды орындады. Тапсырмаларды орындау барысында жаһандық мәтіндердің берілу ерекшеліктеріне тоқталып, жаратылыстану сауаттылығы бойынша құрастырылатын тапсырмалардың ерекшеліктерін талдап, өз ойларымен бөлісіті. Сонымен қатар, тапсырма дайындауда жаратылыстану сауаттылығын жобалау әрекеттері мен зерттеулердің қолданыс мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетті.
Семинар-практикум қорытындысында физика пәні әдіскері Жақыпова Н.Б. қатысушылармен жаратылыстану сауаттылығы бойынша жүргізілетін тапсырмалардың деңгейлері туралы тематикалық кері байланыс өткізіп, қатысушылармен фронтальды сауалнама өткізді.
Семинар-практикум қатысушылары тәжірибелік алаңда жаратылыстану сауаттылығын дамытудың толық практикалық жұмыстарын қолданып, ұйымдастырушылар мен тренер-сарапшыларға алғыстарын білдірді.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 8 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/Fi5QkPEX8EI?si=Y4wKEuG4xj1HlSpo"
Ақтауда өткен жылы қала әкімдігі 44 млн теңге жұмсап, заманауи үлгідегі 10 қоқыс контейнер сатып алған. Қыруар қаржыға алынған қоқыс жәшіктері желді аймақ үшін тиімді, санитарлық тұрғыдан тазалықты сақтауға да оң әсерін тигізуі керек болған. Алайда қанша қымбат болғанымен толассыз жауған жаңбырға төтеп бере алмады.
Қоқыс жәшіктері қалада толассыз жауын-шашыннан соң алғашқылардың бірі болып орнатылған 19-шы шағынаудандағы жер асты қоқыс жәшіктері жер бетіне қалқып шықты. Тұрғындар тарапы мұның барлығы сапасыз жұмыстың нәтижесі дейді.
Ал жәшіктерді орнатқан компания өкілдері орнатылуында еш мін жоқ. Бұл жауын-шашын салдарынан орын алды, өйткені жаңбыр суынан кейін жер астынан өтетін магистральдық құбырдың үстіндегі асфальт жабыны опырылып түскен деп отыр.
АЛЕКСАНДР ПАВЛЮКОВ ҚОҚЫС КОНТЕЙНЕРЛЕРІН ӨНДІРУШІНІҢ ӨКІЛІ «Биыл бізде қар да , жаңбыр да мол жауды. Салдарынан топырақтың шөгуі басталды.Әрине оның жер астындағы жәшікке қатысы жоқ. Бірақ тізбекті реакция басталып, жер опырылды. Енді біз бұл қоқыс жәшігіне демонтаждадық, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз».
Ал әкімдіктегілер бұл үшін ешкім жазаланбайтынын , бұндай оқиға қала ішінде тек бір жерде орын алғанын айтты. Ал келтірілген шығынды контейнерді өндіруші компания кепілдік мерзіміне сәйкес қайта қалпына келтіреді.
ҒАЗИЗ САҒЫНҒАЛИЕВ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ «Осы жағдайға байланысты қоқыс жәшігі жердің бетіне шығудан бұрын айналасындағы автокөлік жолын және жаяу жүргіншілер жолын ойылғандығын тұрақсыздығын байқауға болады. Алдын ала жарылған. Ол тек ғана бір нүктеге емес әртүрлі аймақта орын алған».
Бұл заманауи қоқыс жәшіктерінің әрқайсысысына 4,5 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Биыл шенеуніктер 1 миллиард теңгеге осындай контейнерлерді сатып алудан бас тартты.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 9 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/sVXdNNkeJdY?si=sIvwUEd1-EqfJhgn"
27 наурыз – Халықаралық театр күні. Осыған орай С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында «Театр – өмір айнасы» атты мерекелік кеш өтті. Салтанатты іс-шарада ұжымның еңбегі ерен қызметкерлеріне алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы табысталды. Сондай-ақ, 7 аталым бойынша «Алтын сақа» премиясының жүлдегерлері анықталды.
Бұрын театр ұжымы мереке күні көрермен үшін спектакль қойып, кейін ең үздіктерді өзара анықтайтын еді. Ал, биыл «Алтын сақа» жүлдегерлерін марапаттауға көпшілік те куә болды. Өнер ордасы ұжымының облыстық,республикалық сонымен қатар халықаралық додаларда жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай.
АСЫЛХАН РӘЗИЕВ С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ САЗДЫ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: «Біз бұған дейін ескі театрдың ғимаратында болғанбыз. Одан кейін келе бертін осы жаңа ғимаратқа көшіп келдік. Сол уақыттың ішінде біршама рөлдердің сомдадық. Біршама белестерге жеттік. Былайша айтқанда, облыстық, республикалық тіпті Халықаралық додаларға қатысып жетістікпен келген жайымыз бар».
Мерекелік кеште көрермен назарына спектакльдерден үзінді қойылып, кейін ұжым қызметкерлері мен актерлер 7 номинация бойынша марапатталды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 12 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/fWBPetcvlwU?si=e80fg-wnt_2xlgpk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 10 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/kiY8TC1wXmY?si=Psoztm3ANyf7vItI"
Енді шетелдік спортшыларға бюджеттен қаражат бөлінбейді. Қазақстан Республикасының азаматтары саналмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салатын заң жобасын Сенат депутаттары бүгін бірінші оқылымда мақұлдады. Ал, олардан үнемделген қаражат спорт саласында қалады. Кейін министрлік бұл қаржыны балалар мен жасөспірімдер спортына бөлуді жоспарлап отыр. Айта кетсек, бүгінде жергілікті және республикалық бюджеттен спортты дамытуға деп 400 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатты да үнемдеп, ақшаны балалардың спорт мектебіне және футбол академиясы сынды салаларға жұмсаймыз деп отыр жауапты министрліктің өкілдері.
ӘСЕМ РАХМЕТОВА ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: «Спорттық іс-шараларға және халықаралық спорттық жарыстарға жіберу кезінде бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыны алып жүретін адамның шығындарын өтеу жөніндегі заңнамалық талап белгіленді. Бұдан басқа, спорттық медицинаны дамытуға бағытталған нормалар көзделген. Спортшылардың мамандандырылған медициналық көмегін қамтамасыз ету, сондай-ақ спорттық медицина және оңалту саласында заманауи технологияларды енгізу мақсатында ұлттық спорттық медицина және оңалту ұйымын мемлекеттік кәсіпорын нысанында құру ұсынылады. Заңмен спортшылар мен жаттықтырушыларға Мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Бұл ретте, Қазақстан азаматы болып табылатын және еліміз аумағында дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша Әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшылар».

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 16 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/4wMLjEZrNSQ?si=omkjJ9O_TGh-0XDg"
Грузияның астанасы Тблисиде өткен парадзюдодан Әлем кубогында Қазақстанның намысын қорғап, алтын медаль жеңіп алған Айдана Ғазизқызы туған жері – Қызылордаға оралды.Жерлесіміз жарыстың алғашқы айналымында ресейлік спортшыны айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда Англия спортшысынан басым түсті. Ал шешуші сында Париж Олимпиадасының чемпионы, бразилиялық Силва Ребеканы жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
АЙДАНА ҒАЗИЗҚЫЗЫ, ПАРАДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Чемпионды темір жолдан туған-туыстары, бапкерлері мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды. Көпшілік Айдананың бұл жеңісін Қазақстан спортының үлкен жетістігі деп бағалап, болашақта жаңа белестерді бағындыруына тілек білдірді. Қызылорданың қайсар қызы алдағы жарыстарда да ел абыройын асқақтатады деп үміттенеміз.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 14 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/RBeChOIKc0w?si=ABaQO562R-spoKJk"

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 21 рет қаралды
Бүгінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар ішінде "Ауыл аманаты" ерекше орын алады. Іске қосылған бұл жоба ауыл тұрғындарына өз ісін ашып, экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Киіз үй жасауды кәсіпке айналдырған қандас
Бағдарламаның көмегін көріп, кәсібін дөңгелеткен азаматтардың бірі – Талғат Қанапияұлы. Қытайдан қоныс аударған ол бүгінде Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылында киіз үй жасаумен айналысады. Бұл кәсіпті қолға алғанына бес жылдан асқан.
"Қазақтың киіз үйі – тек баспана емес, ұлттық мәдениеттің бір бөлігі. Заманға сай киіз үйлер жасауға кірістік. Ою-өрнегін сақтай отырып, сапалы әрі жинауға ыңғайлы үлгіде әзірлейміз. Соңғы жылдары ұлттық құндылықтарға сұраныс артып, киіз үйлерімізге қызығушылық көбейді", – дейді кәсіпкер.
Талғат Қанапияұлы жасаған киіз үйлерге туристік орталықтардан, демалыс орындарынан жиі тапсырыс түседі. Сондай-ақ, ұзақ уақыт жайлауда отыратын шопандар да осы баспананы қалайды. Себебі киіз үйлер жазда салқын, қыста жылы, әрі тасымалдауға ыңғайлы. Бастапқыда жылына 10-15 киіз үй сатылса, қазір бұл көрсеткіш 200-300-ге жеткен.
Мемлекеттік қолдаудың маңызы
Талғат Қанапияұлы өткен жылы "Ауыл аманаты" бағдарламасы арқылы 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 3 млн теңге несие алып, кәсібін кеңейткен. Қазіргі таңда өз шеберханасы бар, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
"Мемлекетке иек артып отыра бермей, өз ісін бастағысы келетіндер үшін "Ауыл аманаты" – үлкен мүмкіндік. Бағдарлама арқылы ауыл тұрғындары кәсіп ашып, өзін ғана емес, ел экономикасына да үлес қоса алады", – дейді кәсіпкер.
Кәсіпкерлерге қолдау жалғасады
"Ауыл аманаты" бағдарламасы ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайтып, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ PR-менеджері Руслан Ескендірдің айтуынша, бағдарламаға қатысушылардың жобалары әртүрлі салаларды қамтиды.
"Өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы, құс, балық, ара өсіру, ауыл шаруашылығы сияқты бағыттар бойынша көптеген кәсіпкер өз ісін бастады. Бұл бәсекелестікті арттырады. Ал бәсеке болған жерде сапа да жоғарылайды", – дейді ол.
Алматы облысында биыл жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге 186 жоба қаржыландырылды. Бұл кәсіпорындар нарыққа сапалы өнім мен жоғары деңгейлі қызмет ұсынып, экономиканың дамуына үлес қосуда.
"Ауыл аманаты" бағдарламасы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, ел экономикасын нығайтуға септігін тигізіп отыр. Мұндай қолдау тетіктері алдағы уақытта да жалғасады деп күтілуде.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 17 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/AodQw-dm0dY?si=yRTRqYpcBIJaabcH"
Астанада Дарын Республикалық практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика және биология пәндері бойынша олимпиада өтті. Зияткерлік сайысқа еліміздің әр өңірінен жалынды жастар қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынаған болатын.
Айтулы жарысқа Алматы қаласынан арнайы іріктеуден өткен 20 оқушы аттанған болатын. Жас дарындар бәсекеге қабілеттіліктерін көрсетіп, өз пәндері бойынша жоғары нәтиже көрсетуге талпынды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларды арнайы марапаттау рәсімі өткізілді. Солардың қатарында үздік өнер көрсетіп,күміс жүлдені иеленген Арайлы Бауыржанқызын жақындарымен мектеп-лицейдің ұжымы ерекше құрметпен қарсы алды.
МАҚПАЛ АЙНАБЕКОВА, АНАСЫ
Арайлы Бауыржанқызы Шәмшә Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы. Ол өз пәні бойынша үздіктердің қатарынан бой көрсетті. Айтуынша осындай ірі байқаулар жастардың жігерін жанып, білімге деген құштарлығын оятады.
АРАЙЛЫ БАҚТЫБАЙ, ОЛИМПИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Білім додалары жас өрендердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақта еліміздің интеллектуалды әлеуетін дамытуына септігін тигізері сөзсіз.
МУНАВАР БУРХАНҚЫЗЫ, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ
Осындай білім сайыстары жастарды шыңдап, олардың ізденісіне жаңа серпін береді. Олимпиадаға қатысушылар тек пәндік білімдерін ғана емес, сонымен қатар бәсекеге қабілеттілік, мақсатқа ұмтылу және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырады.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 16 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/BVKKeaftn_c?si=4i-friaq2spwHfjJ"
2025 жыл — Жұмысшы мамандықтары жылы аясында, Алматыда республикалық «Үздік педагог», кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздарын және World Skills Kazakhstan чемпионатында шәкірттері жеңіске жеткен ұстаздарға құрмет көрсету рәсімі өтті.
ЫСҚАҚ НҰРМҰХАМБЕТОВ, КӘСІПТІК БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ
МАРЖАН МӘЛІКОВА, ҰСТАЗ
Жеңімпаз педагогтерді марапаттау рәсімі – бұл тек бір күндік салтанат емес, ол – жылдар бойы жинақталған тәжірибенің, табанды еңбектің, шығармашылық ізденістің нәтижесін мойындау. Мұндай рәсімдер жас ұрпақтың көз алдында ұстаз мәртебесін биіктетіп, оларға үлгі болатын тұлғалардың қадір-қасиетін сезіндірері анық.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 32 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WM27EGMEQlc?si=6F28EGk31wbLPLXI"
Оңтүстік астанамыз Алматыда жастардың көптен күткен пікірсайыс турнирі бастау алды.Екі күнге солзылған игі шара «Қазақ хандығы» тақырыбына арналды. Республикалық байқау, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға және шешендік өнерін дамытуға негізделіп отыр.
Ұлт мұрасын ардақтап,құндылықтарымызға құрметпен қарайтын жастардың қатары артып келеді.Сөзіміздің дәлелі,пікірсайыс алаңы.Турнирдің өтуіне түрткі болған Алматы Пікірсайыс федерациясының мектеп лигасы, Оқушылар сарайының жобалық кеңсесі, сондай-ақ Зердеш және Ғибрат білім ошақтары.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Айтулы шараға арнайы шақырылған меймандар мұндай пікірсайыс алаңдары жастардың жігерін жанып қана қоймайды, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, тарихи және әлеуметтік мәселелерді терең талдауға баулыйды деп отыр.
ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Шараға қатысушы жастар жалындап тұр.Олар Қазақ хандығының құрылуы, оның дамуы мен бүгінгі Қазақстан қоғамына әсері туралы ой қозғап, тарихи фактілер мен логикалық тұжырымдарға сүйеніп нақты дәлелдерін ортаға салды.Жоба авторы Жұлдыз Болатпен ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және тарихи сананы нығайтуға септігін тигізбек.
МАРЬЯША СЕРІКҚЫЗЫ «ЗЕРДЕШ» БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 15 рет қаралды
https://www.youtube.com/embed/WtXdZkIsLsE?si=5qwU86ymIucqndrQ"
Тағы басқа мақалалар...
1 ішінен 217 беті
Alatau News, Copyright 2023, All Rights Reserved.