1 наурыздан бастап Батыс Қазақстан тұрғындарынан басқа, барлық қазақстандықтар жергілікті уақытты бір сағат артқа қою керек. Осылайша елімізде біріңғай уақыт белдеуі енгізілетін болды. Үкімет қаулысы бекітілді. Айта кетейік, Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған болатын. Сарапшылардың зерттеуінің нәтижесі бойынша біріңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасы зор.

Бұл өзгешелік еліміздің әр өңірінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жояды, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартып, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына оң әсерін тигізеді деп болжануда.