Үлкен Алматы айналма жолындағы 11 ақылы жол үшін жаңа ақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы бұйрығы 22 қыркүйекте жарияланған болатын. Енді 3 қазаннан бастап жол жүру ақысы көтеріледі.

Ертеңнен бастап,  11 ақылы жолда 1 санаттағы ақы төлеу 20 пайызға қымбаттайды. Олар: Алматы – Харгоз, Алматы – Қонаев, Қонаев – Талдықорған, Шымкент – Ташкент, Шымкент – Қызылорда,  Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Астана – Шучинск – Көкшетау, Астана – Теміртау, Астана – Павлодар. Бұдан былай тариф мөлшерлемесі енді айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты жыл сайын өсе береді. Мәселен, 2023 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 450 теңге болса, 2024 жылы 3 692 теңгеге белгіленеді деп жоспарлануда.

МЕРЕЙ БҮРКІТБАЙҰЛЫ «ҚАЖ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «АҚЫЛЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ДИРЕКЦИЯСЫ» ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Аталған 11 учаскеде барлық күтіп ұстау жұмыстары ақыдан түскен қаражатпен қамтамасыз етіледі. Бұл 11 ақылы жолға бюджеттен ешқандай ақша бөлінбейді. 2013 бері қарай қаншама инфляцияның болуы, сондай-ақ жанар-жағармай мен құрылыс материалдарына осы қаражат жұмсалатын болады».

Естеріңізге сала кетейік, Астана – Боровой жолында бекітілген «1 шақырымға – 1 теңге» деп аталатын алғашқы ақылы учаске елімізде 2013 жылы ашылған болатын. Содан бері 10 жыл ішінде тариф өзгермеген.