Сақ болыңыз! 17 өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды. Республиканың басым аумағында қар жауып, оның арты боранға ұласады. Ал, орталық, батыс және оңтүстік Қазақстанда көктайғақ болады, қатты жел соғады деп күтілуде. Сондықтан, ауа-райын болжаушы мамандар  асығыс шаруаңыз болмаса, жолға шықпауға кеңес береді. 

МАХАМБЕТ МАРАТОВ «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:
«Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде солтүстік пен шығыста қатты қар күтіледі. 23 желтоқсанда Атлантикалық циклонының әсерінен Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын күтіледі және жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді, сондай-ақ тұман болжанады. Алайда ауа температурасында күрт өзгерістер күтілмейді».