Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды.Осылайша19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде: 26 – есірткі заттары, 62 – қарулар мен оқ-дәрілер, 35 – діни әдебиетттер, 414 – жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары, 644 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары,сондай-ақ жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шетел валютасы тәркіленген.