Премьер-Министр және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Олжас Бектенов депутаттарға Президенттің Жолдаулары мен 2023-2029 жылдарға арналған «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының іске асырылу барысы жөнінде мәлімет берді. Жиын барысында Олжас Бектенов Үкіметтің отандық тауар өндірушілерін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Инвестиция көлемі 15 трлн теңгеден асатын 17 ірі жоба жүзеге асырылуда, бұл 26 мың жұмыс орнын құруға және импортқа тәуелділікті 1,5 трлн теңгеге төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу шеңберінде қазақстандық кәсіпорындармен жасалған келісімшарттардың саны 1,4 есеге артқан, ал олардың жалпы сомасы 40%-ға өскен.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ