Еgov қосымшасында білім туралы жаңа цифрлық құжат іске қосылды. Оны Еgov электрондық үкімет қосымшасы орнатылған смартфон арқылы электронды түрде пайдалануға болады.

МАЙРА МАРАЛБАЕВА ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЦИФРЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Барлық ақпарат егов мобайл қосымшасының цифрлық құжаттарының отбасы бөлімінде қол жетімді. Ол балабақшада, мектепте немесе колледжде оқу фактісін растайтын білім туралы ақпаратты көрсетеді. Білім туралы ақпаратта баланың тегі, аты, әкесінің аты, жеке идентификациялық номері, туған күні, білім беру ұйымдарының атауы мен мекен-жайы, жас тобы, сынып немесе тобы, сондай-ақ балабақшаға арналған топтың атауы, мектеп үшін сыныбы және колледж үшін топ коды сияқты деректерді көрсетеді».

2023 жылдың 27 желтоқсанынан бастап, оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды талап ету және алу тоқтатылды. Енді ата-аналарға оқу орнынан қағаз түріндегі анықтамаларды алудың қажеті жоқ. Олар жеке куәлікке ұқсас егов мобайл қосымшасынан білім туралы ақпаратты ұсынуы жеткілікті.