Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының басышысы қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Жетісу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына 27 жастағы бойжеткеннен арыз түскен. Шағымданушы зорлық әрекеті лауазым иесінің жұмыс кабинетінде болғанын, жеке басының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтып, көмек сұраған. Осыған байланысты Жетісу облыстық Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов түсінік берді.

АТЫҒАЙ АРЫСТАНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерделенеді.Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды».