Қарағанды облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түзеу басқармасында сотталғандарға зорлық-зомбылық көрсеткен видеоларға қатысты түсініктеме берді. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода аймақтағы колониялардың бірінде тұтқындардың зорлық-зомбылық көріп жатқаны түсірілген. Бейнеде жазасын өтеушілердің тек іш киімдері мен резеңке тәпішкелерін киіп, еденнен шүберекпен суды қалай жинағаны сипатталған.Бұл кадрлар Қарағанды облысының Долинка ауылындағы №31 мекемеде түсірілгені айтылған.

БЕКБОЛАТ ШӘКІРОВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД БАСШЫСЫ «Бұл факт бұрын болған. Қызметтік тергеу жүргізіліп, қызметкерлер жауапкершілікке тартылған. Жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін құқық қорғау ұйымдарының өкілдері мекемеге барды. Сонымен қатар сотталғандардың туыстарымен кездесу өтті. Колониядағы жағдай тұрақты және қылмыстық атқару жүйесі басшылығының бақылауында».