UHZ1 деп аталатын қара тесік ғалымдарды таңқалдырды. Себебі, бұның мөлшері Құс жолының орталығындағы қара тесіктен он есеге үлкен. Сонымен қатар, біздің ғаламымызға 13 миллиард 700 миллион жыл болса, бұл  бізден 500 миллион жылға жас екен.

Мұндай деректер NASA-ның Джеймс Уэбб ғарыштық телескопы мен Чандра рентгендік обсерваториясының арқасында алынды. Зерттеу нәтижелері супермассивті қара тесіктер Ғаламның басында болған деген теорияға шықты. Астрофизиктердің пайымдауынша, бұл қара құрдымның массасы галактикадағы барлық жұлдыздардың массасының 10% құрайды. Ол екі галактиканың соқтығысуы нәтижесінде үлкен газ бұлттарынан пайда болған деп есептеледі. Джеймс Уэбб және Чандра ғарыштық телескоптары қара тесік галактикасы орналасқан ғарыш аймағын масштабтау үшін гравитациялық линзалау деп аталатын әдісті пайдаланды. Әдіс - галактикалардың жақынырақ шоғырынан түсетін жарық әлдеқайда алыс орналасқан аймақты үлкейтуге көмектесті.

Джеймс Уэбб телескопы 2021 жылы ұшырылды. Ол Жерден бір миллион 600 мың шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ғарышқа жіберілген ең үлкен және ең қуатты астрономиялық зертхана. Ол ғаламды инфрақызыл сәулелерде көреді. «Чандра» ғарыштық телскопы әлдеқайда ескі және рентгендік көру қабілеті бар. Бұл телескоп 1999 жылы жұмысын бастады. Сол жылы NASA Cassiopeia A супернованың алғашқы суреттерін ұсынды. Ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, бұл телескоп әлі де ғаламды зерттеуге өз үлесін қосуда.