Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында 2024 жылдың 30 сәуірімен 4 мамыр аралығында WorldSkills Almaty-2024 өңірлік кәсіби шеберлік  чемпионаты басталды.Шараның негізгі мақсаты
жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.

Халықаралық мәні бар WorldSkills жобасы Қазақстанда 2015 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Техникалық және кәсіптік бағытта ілім алып жатқан жастардың арасында орын алатын шара деуге болады.Бүгінгі чемпионат, өзгелерден ерекше.Өйткені ерекше білім беруді қажет ететін студенттердің арасындағы қызу тартыс.

НАЗГҮЛ ОМАРҚҰЛОВА ЧЕМПИОНАТ САРАПШЫСЫ

WorldSkills өңірлік кәсіби чемпионаты «Флорист» құзіреттілігі бойынша, бірнеше білім ошақтарының арасында өтіп отыр. Айтулы шара екі бағытты қамтыды. Abilympics және DeafSkills құзіреттіліктері.

ГҮЛГЕРІМ ОСПАНҒАЛИЕВА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Аталмыш оқу орнының инклюзивті білім беру бөлімінде 195, оның ішінде 168 студент арнайы топтардың, 27 студент инклюзивті топтарың; тірек-қимыл аппаратының бұзылысы, есту қабілетінің бұзылысы, көру қабілетінің бұзылысы, жеңіл ақыл-ой кемістігі, психикалық дамуының тежелісі, Даун синдромы функционалдық бұзылыстары бар студенттер білім алуда. Онда білікті мамандар студенттердің сапалы білім алуына, таңдаған мамандықтарын игеруіне деген барлық кедергілерді жойып, қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз етіп отыр.

НҰРАЙ МАРАТ СТУДЕНТ «Мен осындай байқауға алғаш рет қатысып тұрмын.Маған өзімнің мамандығым ұнайды.Осындай сайыстар біздерге көптеген тың бастамалар береді. Өте қызықты,әрі тартысты болып жатыр».