«Аманат» партиясының қолдауымен еліміздің әр аймағында халыққа құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау шаралары орын алып жатыр.Мәселен Алматы облысының тұрғындары партияның өңірлік филиалдарына барып, әр-түрлі бағытта көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алуда. Қонаев қаласына арнайы келген қарша, жауапты орган өкілдеріне мұңдарын айтып, қажетті көмек берулерін сұрап жатты.

ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қоғамдық қабылдау барысында басты тақырыптың бірі,отбасылық зорлық-зомбылыққа арналды. Отағасынан опық жеп жүрген нәзік жындылардың тағдыры бейжәй қалмады. Сонымен қатар несиеге белшесінен батқан тұрғындардың да тауқыметін жүйелі түрде шешудің жолдары сөз болды. Мамандардың айтуы бойынша қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бағдарлама бар. Қазір жауапты өкілдер қажетті жұмыстарды жүргізуді қолға алған.