С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы фильмнің тұсаукесері өтті. «Халық жауының ұрпағы» деп аталатын туынды облыстың құрметті азаматы – Болат Сағындықовтың бастамасымен қолға алынды. 2 айға созылған түсірілім жұмыстарын «AMANAT» партиясы жүргізді.

Қазақ жеріндегі саяси куғын-сүргін 1928 жылы зиялы қауым өкілдерін тұтқындаудан басталған болатын. Қазақстанда ғана 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қудалауға ұшырағандардың қатарында Болат Сағындықовтың әкесі де бар. Сол жылдары Болат Мағазұлы небәрі бір жаста болған. Кейін азамат еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін репрессия кезінде қаза болғандарға арнап мемориал тұрғызды. Тек 2012 жылы КСРО ішкі істер халық комиссариаты түрмесі орналасқан жерде ескерткіш ашады. «Память» қоғамдық қорын құрды. Бұл іске ғұмырының 20 жылын арнаған.

БОЛАТ САҒЫНДЫҚОВ СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ: "Бұл фильмнің мәні бүгінгі ұрпаққа, келесі ұрпаққа үлкен ескерткіш. Біздің халқымыздың басынан өткен қасірет ешқашан ұмытылмауы тиіс. Соны мына фильмге жазып шығару үлкен жетістік деп есептеймін".

Фильмнің тұсаукесеріне саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, профессор, өңірдің зиялы қауым өкілдері, «AMANAT» партиясы қатысып отыр. «Асыл мұра» орталығының жетекшісі Ахметжан Кәрімұлының айтуынша «Кешегі тарихымыз, ертеңгі болашақтың негізі. Әлі зерттелмеген, көпке мәлім емес жағдай жетерлік. Сондықтан іске қарқын беріп, барынша тез әрекет ету керек».

АХМЕТЖАН ҚУАНТАЕВ «АСЫЛ МҰРА» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: "Бастаған істі аяғына дейін жеткізу керек. көп нәрселер істелді. Бірақ айтылмаған нәрселер де аз емес, депутаттар да көтеріп жатыр. Соның бәрін ашық айтатын күнге жетеміз деп ойлаймын".

Фильмнің жарық көруіне елеулі үлес қосқандардың бірі журналист – Роза Шәкенова. Айтуынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысына жолығып, қолдау тапқан. Туындыны түсіруге мәжіліс депутаты – Еркебұлан Мәмбетов қаржылай көмек көрсеткен. Сондай-ақ, қаламақысыз қол ұшын созғандар қатары баршылық. Түсірілім тобы Қарағандының Долинка кентіндегі музейінде, Алматы қаласының архивінде болған.

РОЗА ШӘКЕНОВА «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ КОНСУЛЬТАНТЫ: "Тас түскен жеріне ауыр дейді ғой. Негізгі салмақ маған түсті. Иә ол рас. Дегенмен біз жұмыс тобын құрдық. Оған тарихшыларды, ғалымдарды, университет оқытушыларын енгіздік. Және жергілікті атқарушы органдарының басшылары".

Түсірілім тобы саяси қуғын-сүргін құрбандарынан бөлек, қолдан жасалған ашаршылық, тұтас халықтың депортацияланғаны, сондай-ақ, бай феодалдардың мал-мүлкінің тәркіленгені жайлы ақпарат жинаған. Дегенмен бәрін 40 минуттық фильмге сыйғызу мүмкін болмады дейді. Болашақта қаржыландыру жағы қарастырылса, тағы бірнеше фильм жарық көрмек.