Бүгін Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты басты сот отырысы жабық режимде өтті. Себебі, Прокурорға куәгерлердің бірі жеке басы мен отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін уайымдайтынын айтып, істі жабық қарауды сұраған.

Еске сала кетейік, айыпталушы Абылай Мырзахметов өткен жылы 10 мамырда ұсталған болатын. Антикор таратқан ақпаратқа сәйкес, ол алаяқтық және кәсіпкерді туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермеледі деген күдікке ілікті.