Қазақстан Республикасының қорғаушылар күніне орай бүгін Алматы қаласы бойынша «Адвокаттар сіздің құқықтарыңыз үшін» атты Республикалық акция өтті. Аталған шарада Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары кәсіби адвокаттардан ашық есік жағдайында тегін құқықтық кеңестер алды.

Мерекелері қарсаңында көпшілікке тегін кеңіс ұйымдастырған мамандар, ашық есік күнін таңның атысымен бастап кетті.Келушілердің қатары көп.

АЛЬБИНА БАХТИЯРҚЫЗЫ ЗАҢГЕР: «Осындай күнге орай біздің Алматы қалалық адвокаттар алқасының заң кеңестерінде халыққа тегін заң кеңестерін беру шарасы өтіп жатыр. Адвокаттардың жұмысы тікелей заңмен көзделген негіздерінде азаматтарға заң кеңестерін беріп тұрамыз. Бұл Алматы қаласы бойынша өтуде. Бүгін сағат 10:00 нан 13:00 аралығында барлық заң кеңестерінде тегін заң кеңесі көрсету шарасы өтіп жатыр. Барлық сұрақтар бойынша кез-келген азамат келіп жүгіне алады».

Қазақстан Республикасының конституциясындағыдай заңның үстемдігі бірінші кезекте,әркім егеменді еліміздің табысы мен гүлденуі жолында өз құқықтарыңызды білуге және білікті заң көмегін алуға құқылы деген маман иелері осы жолда аянбай тер төгіп жүрген әріптестерін мерекелерімен құттықтады.

ГҮЛНАР БАЙҒАЗИНА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «1997 жылы 5 желтоқсанда «Адвокаттық қызмет туралы» Бірінші Заң қабылданғанын жақсы білесіздер. Адвокатура институты құқықтық мәртебеге ие болды, кейін он сегізінші жылы екінші заң қабылданды, өткен жылы Әділет министрлігінің қолдаған шешімімен,Республикалық алқаның шешімінің арқасында кәсіби мерекеміз бар. Мен барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын,сіздерге зор денсаулық, табыс және адвокатура институтын одан әрі ілгерілету және нығайту үшін бәсекеге қабілетті маман болуды тілеймін. Өйткені адвокатура институты азаматтардың және осы білікті заң көмегін қажет ететін барлық адамдардың құқықтарын қорғаумен айналысатын жалғыз мекеме».