Алматы көшелерінде көк түсті жол белгісі пайда болды. Енді ақылы автотұрақ көк түсті жолақпен белгіленеді. Жаңа жоба жүргізушілердің жайлылығы мен инфрақұрлымын жақсарту үшін жасалған. 

Көк түсті таңбаны бірі білсе енді бірі біле бермейді. Бүгінде бұл белгілер қаланың  Қабанбай батыр және Наурызбай батыр көшелерінде пайда болған. Мамандар көк белгі көлік жүргізушілер үшін ақылы тұрақ  аймағын тез айқындауға көмектеседі дейді.

ТАЛАНТ ТАЙАНОВ «АЛМАТЫ ПАРКИНГ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:«Бізге былтырдан бастап көптеген арыз шағымдар келіп түсті. Мәселен «Біз автотұрақтың ақылы екенін білмедік, бір түспен белгілесеңіздер екен» деген секілді біраз арыз шағымдар келіп түскен еді. Біз соны ескере келе, Алматы қаласының әкімдігінің қаулысымен коммуналдық автотұрақтар көк түсті белгімен айқындалады.Ақылы автотұрақтарға қойғанан кейін, алғашқы 15 тегін болып саналады,15 минуттан кейін ақысын төлеу керек».

Ақылы тұрақты аңғармаған көлік жүргізушілері айыппұл арқалауға мәжбүр болған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген еді. 

ТАЛАНТ ТАЙАНОВ «АЛМАТЫ ПАРКИНГ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Жыл басынан бастап 0011 Автотұрақтарға ақы төлемегені үшін, әкімшілік құқықты бұзғаны үшін 40 мыңнан астам айыппұл салынған. Коммуналдық автотұрақтарға пайдаланып төленбеген жағдайда. Әкімшілік кодекс бойынша.597 бабы бойынша айыппұл көрсетілген. Ол 3 мерзімдік көрсеткіш, егер жылдың соңында қайталанса 5 айлықтық көрсеткіш болып саналады». 

Көк түсті жол белгісі жыл соңына дейін  ақылы автотұрақтардың барлығында пайда болмақ.