Темір тұлпар тақымдаған азаматтардың уәждеріне байланысты жолдың сапасына жауапты министрлік қызметкерлері барлық аймақтарға барып, жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылап жатыр. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мамандары бұл жолғы кеңесті Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп өткізді.Шараға жергілікті атқарушы органдар, жобалаушы мердігер мекемелер, «ҚазАвтоЖол» өкілдері қатысты. Семинар барысында автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, жобалау және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстардың дұрыс әрі жүйелі жүргізілуі талқыланды.

ҚУАНЫШ ТӨЛЕУХАНОВ  “ЖАҰСО” РМК САПАНЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Мұндай семинар жыл сайын көктемде ұйымдастырылп келеді. Себебі енді жол жөндеу, жобалау секілді жұмыстардың басталатын уақыты. Іс-шарада жергілікті атқарушы органдар өкілі мен инженерлердің басын қоса отырып қазіргі уақытта нормативтік-техникалық құжаттарды таныстыру, қалай толтыру керектігін, қалай жүктеу керек сияқты барлық факторларды түсіндіреміз».