Алматы облысында жұмысшы конвейер шұңқырына түсіп, жазым болды. Қайғылы оқиға "Байсерке Агро" ЖШС-де болған. 42 жастағы қызметкер алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған жағдайға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдіріп, еңбекті қорғау ережесі бұзылғанын мәлімдеді.

МЕРУЕРТ МОРЯКОВА  АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Полиция қызметкерлері еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жиналған материал тиісті тексеруді ұйымдастыру үшін еңбек инспекциясына жіберілді, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешімі қабылданады»