Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды. Жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ҚазАвтоЖол желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Салдарынан 25 адам зардап шекті. Автобуста 37 турист болды.  Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінен.