Алматы облысындағы Алатау қаласы Қазақстандағы үлгілі шаһарға айналады. Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетін болады. Бүгін Үкіметте Алматы облысында Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Жиын Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті. Бұдан басқа бизнеспен өзара іс-қимыл кезінде, атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы қажетті инфрақұрылым құрылысын жандандыру қажеттігі де айтылды.