Жол азабын тартқан білер! Арнамызға Алматы облысы Іле ауданы Ашыбұлақ ауылдық округіне қарасты Төле би елдімекенінің тұрғындары шағымдарын айтып хабарласқан болатын. Арнайы барып хал ахуалдарымен танысып қайтқан едік.

Бұрынғы сүт фермасы орналасқан аумаққа кейінгі жылдары жер бөлініп тұрғындар қоныстанып бүгінде түтін саны 300 ден асқан. Жолдың жырын айтуға тайлы тұяғы қалмай жиналған тұрғындар көптеген мәселенің шетін шығарды. Журналистер келеді деген соң біраз жыл жөндеу көрмеген күре жолдарына бүгін таңертеңнен бастап күрек түсіпті.

ЛӘЗЗАТ НҰРҒАЛИ ТҰРҒЫН: «Біздің жан дауысымызды аудан әкімі,облыс әкімі,ауыл әкімі естімегеннен кейін сіздерге шығуға мәжбүр болдық. Мына күре жол жалғыз Төле би ауылына кіріп шығатын жол.Осы жол жылдар бойы асфальттанбаған болатын. Біз жылда ақша жинап жамаймыз. Жамап қойған жерімізді тендерді ұтып алған Жетісу құрылыс компаниясы осы жолды 7 қыркүйектен қырып тастады. Біз телеарна шақырамыз дегеннен кейін түннен бері қырып бастады».СЕЙСЕНБАЙ МАХАНОВ ТҰРҒЫН: «Жолдың өзі Союз кезінде салынған. Содан кейін күрделі жөндеу көрген жоқ. Содан бері міне бірінші рет. Бірақ бұл жолға біздің көңіліміз толып отырған жоқ. Себебі күреп тастады,жаңбырдан соң шұрық тесік қып. Төлеби ауылынан шығатын жалғыз ақ жол. Міне автобус келіп жатыр ауылға автобустар жалоба жасайды, біз мына жолмен шашылып қалып жатырмыз деп».

Ауылмен қалаға  №301  автобус қатынайды екен. Автобусымыз осы жолдың кесірінен жиі сынып қалады. Бірақ оны тұрғындар түсіне бермейді дейді қоғамдық көліктің жүргізушілері.

САМАТ ТӘЖИЕВ АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ: «Жүретін маршрутымыз Сәлем мен Төле би ауылы. Мына жолымыз онша емес. Төле бидің поворотынан Декабрьдің поворотына дейін. Автобустар жәй-жәй сынып жатыр. Кеше бір автобус сынып тұрды.Тұрып қаламыз.Одан халық күтеді бізді бір сағат екі сағат».

Халықтың жиналып жатқанынан хабардар болған әкім тұрғындарға жүргізіліп жатқан жұмыстарын айтуға өзі келді.

ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: ЖАЛҒАС СҮЛЕЙМЕНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекеттік сатып алу порталында сатып алу жұмыстары кеш өткізілуіне байланысты он сегізінші тамыз күні Жетісу жол құрылысы ЖШС келісімшарт жасалған. Тендер өткізілген. 4,1 шақырымды құрайды. Жобалық құны 124 млн теңге. Кәзіргі таңда тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізі аяқталу жұмысы 31 желтоқсан. Қазан айының басында бітіреміз».

Осыған дейін атқарылған жұмыстарды тізіп берген ауылдық округтің әкімі,тұрғындар көтерген мәселенің жуық арада толықтай шешімін табатынын алға тартты.Шамалы сабыр сақтап,тосуға шақырды.