Алматы әуежайының президенті Альп Эр Тунга Эрсой әуежай қызметі бойынша перезентация өткізді. Өткен жылға қорытынды жасай отырып,алдағы жоспарларымен бөліскен ол жаңа халықаралық терминалдың да құрылысы жайлы айта кетті. Жаңа терминалда қосымша қызметтер қолжетілімдігі артып,ұшып кету залында азаматтық авиацияның дамуына арналған  музей ашылатынын айтты. Алматы әуежайының даму жолына қатысты дерек осы жерде таныстырылатын болады, – деді ол. Сонымен қатар жаңа әуежайдың жолаушылар келетін аумағында қазақ мәдениетіне арналған аймақ жасалмақ. Қазақстанға келген жолаушыларға мәдениетімізден мағлұмат беретін туындылар қойылады. БАҚ өкілдері тарапынан әуежайдағы көлік тұрағы мәселелері,өткен аптадағы рейстердің кешіктірілу себептері жайлы бір қатар мәселелер көтерілді. 
 
АЛЬП ЭР ТУНГА ЭРСОЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Сол күні қар тым көп түсті.Мұндай қалың қарда әуежай жұмысын реттеу қиын. Ұшып келетін,ұшып кететін ұшақтарымыз көп болды.Сондықтан жолаушыларымыз күтіп қалды. Бізде екі рейс кешіктірілді, бірақ соған қарамастан әуежай ашық болды. қауіпсіздік ережелері қадағалау мақсатында кешігулер болды».