Алмалы мекен Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2023» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Толығырақ келесі материалда.

Бұл – халалды насихаттау, тұтынушы мен өндіруші арасын жалғау, кәсіпкерлердің өзара байланысын нығайту, шет елдік мамандармен тәжірибе алмасу, халал өнімдерді таныту мақсатында III-ші рет өткізілгелі отырған халықаралық айтулы шара.

Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» сертификатын алған 1500 жуық кәсіпорын бар. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ауылшаруашылық министрлігі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП арнайы өкілдері, шетелдік «Халал стандарттау және сертификаттау» орталықтарының басшылары қатысты. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қырғызстан, Украина, Малайзия, Индонезия мемлекеттерінің халал сертификаттау саласы мамандары дәріс оқып, халал жөнінде мол мағлұмат берді.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ БАС МҮФТИ:

«Негізгі біздің мақсатымыз – осы жамағатымыздың, мұсылман халқының асының адалдығына үлесімізді қосу».«Жалпы, «Халал» сертификатты беру Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бизнес көзі емес. Біздің мақсат – асымыздың адал болуына үлес қосу. Алла ниетімізді қабыл етсін. Елімізге береке берсін».

Алматы қаласының қонақтары мен тұрғындары ет, құс өнімдерін, сүт және балық өнімдерін, кондитерлік және бал өнімдерді, халал косметикалар, фаст-фудт тағамдар, балмұздақ, сусын секілді небір өнімдерді сауда орындарынан бірнеше есе төмен бағада ала алады. Аталған шара екі күнге жалғасады. Халал индустриясының дамуына ат салысып, отандық өнімдерді қолдайық, қолданайық!