Бүгін Алматыда қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі,шығармашылық даралығымен өнер саласында сара жолын қалыптастырған Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған еске алу кеш өтті.Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.                                          

Қазақстанның көрнекті театр және кино әртістері, Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен оқытушылары, кітапхана оқырмандары,және өнер сүйер қауым қатысқан шараның мақсаты Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, жастарды оның шығармашылық тағдырымен, өзіндік дарындылық ерекшелігімен, өнердегі жоғары жетістікке жету жолдарымен, толыққанды сахналық образдар жасау шеберлігімен таныстыру. 

ЕСМҰХАН ОБАЕВ ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ, РЕЖИССЕР          

Еске алу кеші аясында «Жұлдызы жарқыраған өнер иесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оның өмірі мен шығармашылық жолын таныстыратын шығармалар қойылды. Сондай-ақ, тума таланттың сомдаған рольдерінен үзінділер көрсетілді.

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТЕРІ

Адам мінезінің түп-төркінін дөп басатын ғажайып қабілеті бар Е.Өмірзақов экран өнерінде де театр өнерінде де көптеген ролдер сомдап артына өшпес мұра қалдырды. Рухани құндылықтың құнын дәріптеу келер ұрпақтың еншісінде.