Алматы қалалық полициясы кеше кешке айдауылдау қызметінің көлігінен қашып кеткен 1996 жылы туған К.Е.Аубакри іздеуде. Оқиға кешкі сағат 18:27-де Сүйінбай-Бекмаханов көшелерінің қиылысында болған.  Тұтқынның қалай қашып кеткені әзірге белгісіз.  Дереккөздердің хабарлауынша, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Аса ірі көлемдегі ұрлық) бойынша айып тағылуда.  Күдіктінің белгілері мен оның фотосуреттері тінтуді ұйымдастыру үшін патрульдік бригадаларға жіберілді.
Сүйінбай-Бекмаханов ауданында «План-Сирен» енгізілгені хабарланды.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ «Қазіргі уақытта айдауылдау қызметінің қызметтік көлігінен қашып кеткен, бөтеннің мүлкін ұрлады деп айыпталған сотталушыны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізілуде.Сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу басталды. Бұзушылыққа жол бергендер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады.Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр».