Алматыда «Жас сарбаз» патриоттық ойындары ұйымдастырылды.Шараға қатысушы жастар әскери тактикаларды меңгеріп, түрлі сынақтардан өтті.

"Жас Сарбаз" патриоттық ойындарының негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары Отан сүгіштік пен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті дамыту.Сонымен қатар телефонға телмірген жастардың көңілін салауатты өмір салтына аудару болып табылады. Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің базасында өтіп отырған шараға қатысушылар белсенді ойын өрнектерін көрсетті. Олар әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал етуге өздерінің үлестерін қосты.

СЕЙІТБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ АЖКТК ДИРЕКТОРЫ

Әскери тактикалық ойындардың сынақтарынан сүрінбей өтуге тырысқан жастар, шама-шарқы жеткенше қырағылық танытып, ойын ережелерін бұзбауға күш салды.Жаудан қорғану, аса дәлдікте мергендік көрсету, жылдамдық пен ақылды дұрыс пайдалану секілді шарттарды орындай білді. Шара барысында жүзден жүйрік шыққандары арнайы марапаттарға ие болды. Тіпті кейбір жастар,өздерінің болашақтарын осы оқу орнымен байланыстырғылары келетіндіктерін айтып жатты.