Алматы жылу электр орталығын газға көшіру жобасының бірінші кезеңі аясында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы қаласының екінші жылу орталығына арналған автоматты газ тарату станциясы құрылысы аяқталды. Қарасай, Іле аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру Алматы қаласы сияқты облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып, халықтың денсаулығына оң әсер берері сөзсіз.

САНЖАР ЖАРКЕШОВ «QAZAQGAZ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Осы бірінші кезеңнің шеңберінде 3 нысанды жүзеге асырып, іске қосып отырмыз. Біріншісі – автоматты газ тарату станциясы, Алматы ЖЭО. Яғни, ТЭЦ-2 арналған үлкен нысан. Бұның маңыздылығы осы ТЭЦ-2 жылдан-жылға қуаты және болашақта көбейетін көлемін қамтамасыз ететін нысан. Екінші нысан – Алматы қаласының индустриялық аумағын және де Алматы Батыс жылу кешендік газбен қамтамасыз етуге арналған автоматтық газ тарату станциясы. Оны біз 2016 жылы негізі әкімдік салған еді, бірақ сол беттен бері қосылмаған. ҰК қолға алып, жөндеу жұмыстарын жасап, бүгін іске қосып отыр.

Бұл «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры мен «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры арасындағы TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры Алматы Жылу электр орталығын ғана емес, сонымен бірге Алматы және Алматы облысының тұрғындарын да тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

РУСЛАН СҮЙІНДІКОВ АЛМАТЫ «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Бұның қуаттылығы 1 млн/м3 сағ беретін мүмкіндігі бар. Бұл жерде енді қазіргі заманға сай бүкілі жаңартылған. Осы маусым айында бастадық. Бүгінгі таңда толық жұмыстар бітіп тұр. Сондықтан қысқа мерзімде Самұрық қазынаның тапсырмасы бар, одан кейін ҚазақГаз, ИнтерГАЗ тапсырмаларының аясында осы жобаны іске асырдық.

Автоматтандырылған газ тарату станциясының қуаттылығы -  сағатына 140 мың текше метр. Оның ішінде станцияның екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 мың текше және индустриялық аймаққа сағатына 50 мың текше газ таратады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.