Түркістандық «Jana Lep» шығармашылық ұжымы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында  «Көктемдегі кездесу» атты музыкалық-поэтикалық қойылымының премьерасын өткізді.Қойылымды тамашалап қайтқан білшімізге кезек берсек.

«Көктемдегі кездесу» деп аталатын композициялық қойылымда Есенғали Раушанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Күләш Ахметова, Бауыржан Үсенов секілді қазақ өлеңінің классиктерімен қатар, поэзия мінберіне шығып үлгерген қазіргі уақыттағы ақындардың өлеңдері алма-кезек оқылды. Қойылым продюсері мен режиссердің сөзінше, туынды қазақ әнінің алтын ғасырын жасаған композиторлар мен бүгінгі жас таланттардың әндерімен өріліп, өзара байланыспен жасалған. 

СЕРЖАН МОЛДАСАНҰЛЫ «JANA LEP» ҰЖЫМЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, ПРОДЮСЕР «Әртүрлі бөліне береді ғой. Анаға, отанға, елге, ғашығына деген махаббат болып. Белгілі бір оқиға жоқ. Сол секілді белгілі бір ақындардың жыр-шумақтарын арқау еткен, жақсы әндер жалғайтын, сәл өкініш бар, үміт бар, аз-кем өмірлік бір драмасы бар. Бірақ, ең соңында үмітке толы көктемгі кездесу деп айтуға болады».

ФАРХАТ МОЛДАҒАЛИ РЕЖИССЕР "Көктемгі кездесу... Былайша айтқанда, өмірдің өзі қоштасу мен кездесуден тұрады. Бұл жерде драматургиялық линия жоқ. Арнайы бір кейіпкерлер жоқ. Бұл жерде үлкен коллоборация бар деуге болады. Өлеңдердің барлығы жас ақындардың әндері. Жас группа. Жас актерлар. Солардың барлығы біріккен үлкен коллоборация деуге болады. Біз театрда пьеса, романдарды қоямыз. Бірақ, барлығымыз поэзияға жақынбыз. Сондықтан, бұл сондай жас ақындардың шығармаларынан жиналған коллоборация деуге болады. Мен солай қабылдаймын".

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің жанынан құрылған «Jana Lep» шығармашылық ұжымы 2023 жылы өз жұмысын бастады. Еліміздің әр түкпірінен жиналған таланты жастар шоғыры аз уақытта біраз жетістікке жетіп үлгерген.

ФАРХАТ МОЛДАҒАЛИ РЕЖИССЕР "Актерлар мен әншілер жалындап тұр. Сондықтан, барлығын қатыстыруға тырыстық. Ешқандай таңдаусыз, бір ортақ дүние жасауға тырыстық. Жеке бір адамға арналған спектакль емес, Конгресс Холлдың форматына сай жасалды. Балалар енді-енді үйреніп, алда тағы да үлкен спектальдар шығарады деп ойлаймын. Бұл театрдың форматы ұнайды маған. Мюзикл, музыкалық-поэтикалық кештер. Сондықтан, өз бағытын білетін ұжым деп ойлаймын".

Театрдың атауын зиялы қауым өкілдері Түркістанға жаңа леп болсын деп "Жаңа леп" деген атау берген екен. Сондай-ақ, Рухани Елорда болып кеткен Түркістанда мәдениет пен өнердің қатар дамуы - заңдылық дейді Әзімхан Серікұлы. 

ӘЗІМХАН СЕРІКҰЛЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қойылым 28-ге жуық жас қыз-жігіттер мен музыкалық топтың сүйемелдеуімен көрерменге жол тартты. Туындыны жарыққа шығаруға 1,5 айға жуық уақыт кеткен. Сержан Молдасанұлының сөзінше, қойылым жанды дауыста болғандықтан техникалық жағынан ғана аздаған ақаулықтар кедергі болған. 

СЕРЖАН МОЛДАСАНҰЛЫ «JANA LEP» ҰЖЫМЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ, ПРОДЮСЕР «Келген көрермен қандай оймен қайтатынын білмеймін енді. Әркім өзінше қорытады ғой бұл жерде. Бірақ, жеңіл-желпі емес, қатты ауыр емес. Адам бір тып-тыныш тыныштыққа барғыңыз келеді ғой. Мен жалпы осы «Көктемдегі кездесуден» тыныштыққа келген көрермен деп есептеймін. Жалпы өзінің аурасы, атмосферасы сондай. Жанға жақын лирика, поэзия, әндер сынды өмірдің иірімдері».