Алматы қаласы, Ақсай өзені бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу жұмысын іске асыру керек серіктестік иелері, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілікті. Залал сомасы алдын ала болжам бойынша - 775 млн теңгеден асады. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ  «Осылайша, Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктенуде. ЖШС Алматы қаласы «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған».