Алматының коммуналдық қызметтері жылу энергиясы үшін ақы төлемеген қасақана төлемеушілерден сот арқылы миллиардтаған теңге қаржы өндіріп, қарыздары толық өтелгенше оларды ыстық судан ажыратпақшы.

Борышкерлерге ыстық су беруді шектеу – бұл еріксізден қолданылып отырған шара. Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың қарызы 2,1 млрд теңге. Жеке тұлғалардың қарызы 830 млн.теңгеден астам. Коммерция директорының сөзінше Алматыда төленбеген жылу энергиясы үшін 1610 абонент өшірілген. Бүгінге дейін компанияға жылыту мен ыстық су үшін төлем жасамаған 1212 тұтынушының активтері және 355 банктік есепшот бұғатталған.Спикер қарызды қайтару мәселесінің басты түрткісі мынада дейді:

БАҒДАШ АСҚАРҰЛЫ «АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ» ЖШС КОММЕРЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ «Қазіргі жазғы уақытта біз келесі жылға жылу жүйесін беру үшін құрылыстық жұмыстар жүргізілуде. Бұл қарыздардың уақытылы қайтарылуы осы құрылыстық жұмыстардың жүргізілуіне, дайындығына және қыстық қазандық-оттық шараларды өткізу осы қарыздардың тез қайтарылуына байланысты болады».

Былтырғы жылмен салыстырғанда қарыз көлемі қаланың шекарасының ұлғаюына және тұрғындардың көбеюі мен құрылыс обьектілерін салуға байланысты 15 пайызға өскен. Қазіргі уақытта мейрамхана, лаунч бар, қонақ үй сынды ғимараттардың барлығы жеке кәсіпкерлердің бизнесі. Сондай тамақтану орталығының қызметкерінің сөзінше, коммуналдық қызметкерлер бір жылға жуық уақыт бойы арнайы пломбаны қойған жоқ, сөйте тұра, бізден қомақты қаражатты төлеуді сұрауда дейді. 

ӘДІЛЕТ САБЫРҰЛЫ МЕЙРАМХАНА ӘКІМШІСІ: «Біз ол қарыздың бәрін төледік.Төлегеннен кейін, суды қосады ғой. Сол уақытта кесілген уақытта, 6 айдың ішінде бұлар бізге ақша шығарып тұр. Өздерінің комиссиялары түгел келген. Суды үлкен ағымда жібереді деген қағаз барда.Счетчикпен басқарылады.Үлкен ағымда алдыңдар деген ақшаны жіберіп тұр.Суды ол кезде пайдаланбадық. Мейрамхана ол кезде істеген жоқпыз ғой».

Елена Локштейн жауапты тұтынушы ай сайын миллион теңге көлемінде қарызды төлеп отырамын деген сөзінде тұрмады дейді.

ЕЛЕНА ЛОКШТЕЙН «АЛМАТЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ» МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН САТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ «Біздің бұл нысанды ыстық судан ажыратқанымыз рас. Бірақ, тұтынушы бізге кепілдік хатпен хабарласқандықтан, нысанды қайта қостық. Ол бізге қарыз сомасын ай сайын тең үлестермен төлейтінін жазған болатын, бірақ осы уақытқа дейін ешқандай төлем түспеді. Бұл нысан бойынша дебиторлық қарыз бар. 2023 жылдың жетоқсан айынан қазіргі уақытқа дейін шамамен 5 млн. теңгеге жуық берешектері бар».

Айта кету керек, екі және одан да көп ай бойы төлем жасалмаса, тұтынушы борышкер санатына еніп, қарызды өтеу қажеттілігі туралы хабарлама алады. Егер борышкер одан кейін де қарызын төлемесе, қатаң шара қолданылады.Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, коммуналдық қызметтер бойынша берешектердің болуы несие беру кезінде де ескеріледі.